Баян Мақсатқызы қызына қандай есім бергені белгілі болды
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы үшінші қызына қандай есім бергенін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Айта кетейік, 5 тамыз күні Баян Мақсатқызы үшінші рет ана атанғанын айтып, сүйінші сұраған еді.
“Қош келдің, Алагөзова Алиса Тұрсенғалиқызы”, – деп жазды продюсер.
Еске салайық, 50 жастағы продюсердің қыз туғанына желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, таңғалып жатыр еді.
“Қызы Айсәуле туды ма деп ойлап қалдым”, “50 жастағы ананың босануы мүмкін емес”, “Суррогат ана туып берген сияқты”, “Күні кеше ғана сұхбат берді, ол кезде ешқандай іші білінген жоқ”, “Әрі жас әже, әрі жас ана болып отыр”, “Қызымен жарысып туды деген осы”, – деп жазған еді оқырман қауым.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
Алматыда Непалдағы ауқымды сел тасқыны қайталануы мүмкін бе: Сарапшылар қауіпті бағалады
Сарапшы Ақсай бөгеті құрылысының тоқтап қалғанына алаңдаулы