Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баян Есентаева: Қызыма қысқа киюге рұқсат берген мен жақсы ана емес шығармын

Баян Есентаева инстаграм парақшасында кезекті жазбасын бөлісті. Ол аталған жазбасында өзінің ең жақсы ана еместігін ашып айтты.

баянайсауле1601

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баян Есентаева желі арқылы қызының Жаңа жыл кешіне киген көйлегін көрсетті. Суреттен көйлектің айтарлықтай қысқа екенін байқауға болады. Продюсер осыған орай, қыздарына таңдау еркін беріп қойғанын ашып айтты.

“Барлық нәрсеге қатысты таңдау еркін беріп қойғандықтан, мен ең жақсы ана емес шығармын. Әсіресе көйлектің ұзындығы мәселесіне келген кезде. Найыл, көйлегің үшін көп рахмет. Қызым Жаңа жыл кешінің ханшайымы болды”, – дейді Баян Есентаева.

Аталған жазбаға қатысты еш пікір жазылмады. Продюсер парақшасына пікір жазуғы шектеу қойып қойған сыңайлы. Алайда бұл суретті Айсәуле өз парақшасына жүктеген кезде жұрт түрлі пікір білдірген болатын.

“Ол да біз секілді адам! Оны қатаң сынаудың қажеті жоқ! Әркімнің өз өмірі бар! Сіздер де өз ойларыңызға келгенді жасайсыздар ғой. Ол да соны істеп жүр. Ең алдымен, оның дәрежесіне жетіп алыңыздар”, “Жанарға ұқсап тұр”, “Тым ашық, оның үстіне қысқа”, “Жаңа жылдық су киіміне ұқсайды”, “Масқара, намыссыз” деп жазады желі қолданушыылары.


Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек талғамсыз киімі үшін сын астында қалды (фото)

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтап келді (видео)

Тыңдарманы Бүркіт пен Айшаның ұлының анасынан аумайтынын байқап қалды (фото)

Әкесін сағынып қабағы ашылмаған Сәдуақасованың ұлы желіде қызу талқыға түсті (фото, видео)

Талқылау