Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек талғамсыз киімі үшін сын астында қалды (фото)

Баян Есентаеваның қызы үстіндегі киімі үшін сынның астында қалды.

15625360_227577997690359_1670576823118856192_n

Фото: instagram.com/aissaulebakytbek/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желі арқылы жұртты шулатқанды ұнататын танымалдардың қатарынан. Десе де, ол көптің пікіріне назар аудара бермейді. Бұл жолы желі қолданушылары оны “талғамсыз” киімі үшін сынап тастады.

“Кәпір, түрін қарашы! Мұндайды біз жақта даладағы жезөкше киеді”, “Қазақтың қыздары қайда кетіп бара жатыр?!”, “Жас әрі әке-шешесі бетімен жіберіп қойған. Неге басқа әншілердің қыздары осылай киінбейді? Жұрттың назарында жүргенді ұнатады. Итті сүйгенше, ата-анаңды сүй” деп жазады желі қолданушылары.

Десе де, Айсәуле Бақытбекті жақтап сөйлегендер жоқ емес. “Сен кереметсің, Айсәулеш”, “Адамдар, сабаларыңа түсіңдерші! Сынайтындай ешнәрсе көріп тұрған жоқпын. Есі дұрыс жас қыз. Ол 20 жаста. Осының өзі көп нәрсеге айғақ. Бұл жаста кез келген киімді киіп эксперимент жасауға болады” деп жазады жақтаушылар. Ал продюсердің қызы әдеттегідей мұндай сындарды назарға ілместен лентасын түрлі суретке толтыруда.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан эстрадасының ең стильді әншісі өзін өмір бойы «ұсқынсыз үйрек» сезінген

Сәуле Әбединова күйеуінің өзге әйелден сәби сүйетінін білгенде оған рұқсатын бергенін ашып айтты

Батырхан Шүкенов қайтыс боларының алдында намаз оқуға ниет қылған

Мәдина Сәдуақасова күйеуінің көңіліне қарап әріптестерінің тойларына бармайтын болған

Талқылау