Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан эстрадасының ең стильді әншісі өзін өмір бойы «ұсқынсыз үйрек» сезінген

«Анашым, мен неге әдемі емеспін?» Дәл осы сұрақты Қазақстан эстрадасының ең стильді жұлдызы Лидо анасына сан рет қойған. Себебі ол бойжеткен қыз болғанға дейін өзін «ұсқынсыз үйрек» сезінген. Ол өзінің айнадағы кескін-келбетін мүлдем ұнатпаған. Ал қатарластары алғашқы махаббат сезімін бастан өткерген кезде ол күйзеліске түскен. Себебі оған ешбір жігіт назар аудармаған.

лидоша

Бұл туралы 31 арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтылды.

Ол аз десеңіз, Лидоның әкесі бұл тұрғыда қызына қысым көрсеткен. Нақтырақ айтатын болсақ, үйге сыныптас ер балалар хабарласқан жағдайда жанжал шығарып отырған.

«Бала кезімде өзімді тартымсыз, ұсқынсыз сезінетінмін. Ол аздай, әкем өте қызғаншақ болатын (негізі қазір де сондай). Тіпті, ер балалар үй тапсырмасын сұрау үшін хабарласса да қызғанатын. Үйде үлкен жанжал туатын. Сол себепті мен қатты уайымдап жылайтынмын. «Әке, сен үшін ешқашан тұрмысқа шықпаймын. Өзім ұсқынсызбын, маған ешкім көңіл бөлмейді, ер балалар қарамайды. Ол аздай, сен жағдайды ушықтырасың» деп айтатынмын.

Әрқашан өзімді ұсқынсыз үйрек сезіндім. Шынымды айтсам, артымнан біреудің жүгіргені есімде емес. Ұл достарым болды, бірақ олар маған тек жолдас ретінде қарады. Қазір солардың кейбіреулерімен сөйлесіп қалсам: «Кезінде саған ғашық болғанымды білесің бе?» деп шығады. Күлкім келеді. «Неге сонша жыл үндемедің? Менің өзіме деген сенімділігім артар еді» деймін. Себебі ол кезде расында да мен өзімді өте тартымсыз қыз санайтынмын.

Иә, қазіргі түр-келбетім өзіме ұнайды. Тіпті, 18-20 жастағы кезімнен қарағанда қазіргі сымбатым әлдеқайда өзіме ұнамды. Қазір барлығына көңілім толады. Бетіме, дене бітіміме. Және оның бәріне өзім қол жеткіздім. Өзімді мақтан тұтамын», – деп ағынан жарылды Лидо.

Әнші ешқашан пластикалық отаның көмегіне жүгінбегенін мәлім етті.

Жіберіп алмаңыз:

Саят Медеуов Мейрамбек пен Тоқтардың 18 жасын тойлау үшін түнімен ақша іздеген

Батырхан Шүкеновтің анасы: Ұлым адам қолынан қаза тапты деп ойлаймын

Айсәуле Бақытбек итінің туған күніне арнайы торт әзірлетті

Сиви Махмұди елден жасырған күйеуін көрсетіп оған деген сезімін білдірді (фото)

Талқылау