Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саят Медеуов Мейрамбек пен Тоқтардың 18 жасын тойлау үшін түнімен ақша іздеген

Әнші Саят Медеуов өнердегі әріптестері әрі достары Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіковпен бірге өткізген жастық шағы туралы әңгімелеп берді. Ол қос бірдей досының қатар келген туған күнін (18 жас) атап өту үшін түнімен ақша іздеген кезді есіне алды.

токтар-мейрамбек 18

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Тоқтармен таныстығымыз 93 жылдары басталды. Сол кездерден араласамыз. Бірге жүрдік, бірге тұрдық. Ол кезде көп адамдарда көлік жоқ. Әкемнің көлігін қалаға әкеліп алатынбыз. Сол кезде әрі-бері қыдырып кететінбіз. Кейде қасыма Тоқтарды алып қыдырамын, кейде Мейрамбек екеуміз қыдырамыз, «таксоватетеміз». Кейде үшеуміз қыдырамыз. Қызық өмір ғой. Біздікі көше аралап жүру болатын.

Екеуінің 18 жас туған күні келді. Қызық қой ол кезде, қалтамызда ақша жоқ. Түнімен Тоқтар екеуміз ақша іздеп, туған күндері керемет өтті. Сол кезден бастап сыйластығы жарасқан достармыз», – деді Саят Медеуов.

СДМТ

Жіберіп алмаңыз:

Бүркіт пен Айшаға өздерінің есімі жазылған ұшақ тарту етілді (фото)

Итальяндық әншінің ата-анасы Әдеміні келін етуге асығып жүр

Айсәуле Бақытбек итінің туған күніне арнайы торт әзірлетті

Сиви Махмұди елден жасырған күйеуін көрсетіп оған деген сезімін білдірді (фото)

Талқылау