Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айсәуле Бақытбек итінің туған күніне арнайы торт әзірлетті

Айсәуле Бақытбек итінің туған күнін тойлап, ол үшін арнайы торт әзірлетті. Мұны көрген желі қолданушылары ашуланып, жануар үшін тәтті дайындауды ысырапқа балады, деп хабарлайды Stan.kz.

айсауле и ла

Шетелде білім алған Есентаеваның тұңғышы ол жақтан қара түсті жануарды алып келді. Оған, ЛА деп есім де берді. Сол уақыттан бері ЛА Есентаевтар отбасының бір мүшесіне айналғандай. Оны Баян Есентаеваның, Айсәуле Бақытбектің жарияланымдарынан байқауға болады.

Соның арқасында иттің танымалдылығы кейбір эстрада жұлдыздарынан да асып түсті. Жуырда Айсәуле сүйікті жануарының 1 жасқа толған туған күнін атап өтті. Ол үшін арнайы тортқа да тапсырыс берді.

«Туған күніңмен, махаббатым менің», – деп жазды ол бөліскен суретінің сипаттамасына.

«Туған күнін мейрамханада жасамадыңдар ма? Тұсауын кесіп, әншілерді шақырып», «Енді қалғаны иттің туған күнін жасау еді. Масқара», «Иттің туған күніне торт жасап ысырап жасағанша, көпбалалы отбасыларға неге көмектеспеске?» – деп пікір білдірді ашынған желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаеваның жаңа фотосессиясы желіде дау туғызды (фото)

Меруерт Түсіпбаева енді тележүргізушілікке бет бұрды

Желіде «Роза Рымбаева қайтыс болды» деген ақпарат тарады

Сәкен Майғазиев қызының бала-бақша таңертеңгілігінде болған қызықтарымен бөлісті (видео)

Талқылау