Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Итальяндық әншінің ата-анасы Әдеміні келін етуге асығып жүр

Қазақстандық әнші Әдемі итальяндық әнші Вальтер Риччиді өзіне ғашық еткенін айтып берді. Одан бөлек, қазақ қызы Вальтердің ата-анасымен танысқанын әңгімеледі. Итальяндықтардың Әдеміні келін етуге асығып жүргендерін де жасырмады.

адеме_2

Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасында айтылды.

«Жаңа толқын-2016» байқауы кезінде Әдемі мен Вальтер бірігіп ағылшын тілінде «Messages of love» әнін орындады. Аталмыш байқауда итальяндық әнші 1-орынды иеленді. Әдемі дайындық барысында итальяндық әріптесіне өзіне ғашық болуды «бұйырған». Анығында, әнді тыңдарманға жеткізу үшін жігіттің Әдеміге шынайы ғашық болуы керек екенін жеткізген.

«Ол абдырап қалды. «Бар болғаны 3 минутқа мені жақсы көруің керек, одан көп те, аз да емес», – дедім. Ол келісті. Одан кейін дайындалып жүрдік. Екеуміздің сахнаға шығатын уақытымыз таяп қалған кезде қасыма оның менеджері жүгіріп келіп, шұғыл түрде Вальтердің қасына жетуімді сұрады. «Мынадай ұзын көйлекпен қалай жүгіремін?» дедім. Жанына барсам: «Сен маған сүйетініңді айтпадың», – деп тұр. Айттым да кетіп қалдым. Сосын екеуміз қосылып ән шырқадық. Ол 1-орынды иеленді. Өзін құттықтап жатқан жұртқа ол: «Барлығы осы  қыздың арқасында. Ол маған осы әнді сезінуіме көмектесті», – деп жауап берді. «Ол не істеді?» деп сұрағандарға: «ештеңе, мен оны жай ғана жақсы көремін», – деді. Мұның барлығы тек сахнада, шығармашылық деңгейде деп ойладым. Бірақ ол адамның маған деген көңілі бар екенін түсіндім. Әзірге ештеңе айта алмаймын. Арамызда қашықтық бар. Сочиден кейін бірде бір кездеспедік. Бірақ ара-тұра хабарласып тұрамыз. Әзірге тек шығармашылық байланыстамыз, бірігіп ән жаздыруға дайынбыз», – деп ағынан жарылды әнші Әдемі.

Әнші Әдемі абайсызда өзіне ғашық етіп алған шетелдік азаматтың ата-анасымен танысқанын мойындады. Айтуынша, ол кісілер Әдеміні Италияға қонаққа шақырған.

«Ата-анасы мені келін қылып алмақшы. Ал Вальтер Италияда жеке ән кешімді бергенімді қалайды. Алайда мен дайын емеспін. Өйткені тек шет тілінде ән айтуым керек. Екеуміз жаңа әнімізге бейнебаян түсіреміз. Оны Қазақстанға алып келуге тырысамын», – дейді Әдемі.

Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек итінің туған күніне арнайы торт әзірлетті

Сиви Махмұди елден жасырған күйеуін көрсетіп оған деген сезімін білдірді (фото)

Меруерт Түсіпбаеваның жаңа образы тыңдармандарын шошытты

Ninety one әншісі сахнада түшкіріп артынша акробатикалық жаттығу көрсетіп жіберді (видео)

Талқылау