Бангкоктан 11 келі гашиш майын кіргізбек болған шетелдік Алматы әуежайында ұсталды

Алматы әуежайында Таиландтан Қазақстанға 11 келі гашиш майын алып кірмек болған 20 жастағы шетелдік ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, арнайы тексеру шаралары барысында полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара қызметімен бірлесіп, Алматы әуежайында есірткі заттарын контрабандалық жолмен әкелу әрекетінің жолын кесті.
"Бангкок-Алматы рейсінің 20 жастағы жолаушысы, жақын шетел азаматы ұсталды. Жеке тінту кезінде одан жалпы салмағы шамамен 11 келілік гашиш майы құйылған 12 пластикалық ыдыс тәркіленді", – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікемов.
Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 286-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл баптың санкциясымен күдікті 20 жылға дейін өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе мүлкі тәркіленеді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жыл басынан бері Қазақстан аумағына есірткіні заңсыз әкелудің 57 фактісінің жолы кесілген.