Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Балаларының жанынан қалмайды": Гүлзира Айдарбекова өзін айыптағандарға жауап берді

Гүлзира Айдарбекова ұл-келіндеріне маза бермейді деп сынға қалды. Жуырда отбасын құрған кенжесі Заңғар мен келіні Жібекпен бірге Түркияға сапарлап келген Айдарбекова елдің айыптауына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Осы мамасы балаларының жанынан қалмайды екен деп біраз сынға алып тастап жатқандар да жоқ емес. "Анашым, сіздердің де еңбектеріңіз, бізбен демалысқа жүріңізші" деп қалса, ел не дейді деп уайымдап бітетін халге жеттім.

Біреудің отбасын ойрандап, азаматымның өзге әйелінің балаларын пайдаланып жүргенім жоқ. Алла берген Нүрекең екеуміздің өз ұрпағымыз, енді қашып-пұшып, тығылып жүре алмаймын ғой.

Балаларымызға бас-көз болып, бір тірліктің басын ашып берсек, ары қарай алып кетер деген ниетіміз, ата-аналық парызымыз. Олардың жеңісі біздің жетістігіміз", - деді Айдарбекова.



Онымен қоса, продюсер Түркияға демалу үшін емес, жұмыс бабымен барғанын атап өтті. 

"Алла қаласа ол жұмысымыз жайлы аз уақытта өздеріңізбен бөлісетін боламыз. Айлардың Сұлтаны Ораза айындағы тілеген дұға-тілектеріміз қабыл болсын ағайын!" - деді ол. 


 

 

Талқылау