Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова ұлын "анасының баласы" деп мазақ еткендерге жауап берді

Қайрат Нұртастың анасы ұлын “мамасының баласы” деп мазақ ететіндерге жауап берді. Продюсер керісінше ананы сыйлауды Қайраттан үйреніңіздер деген кеңесін айтты.

Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты жастайынан өнерге баулып, осы жолда әлі де еңбек етіп келеді. Әнші өзінің танымалдығын, өнерге келуін анасының арқасы деп мойындайды. Анасы ес білгеннен ұлына өзі продюсер, өзі демеу болды. 

Қайрат Нұртас анасына әрдайым алғысын айтып отырады. Осыдан соң оны “анасының баласы” деп мазақ ететіндер қатары көбейген. 

Бұл ретте продюсер ананы сыйлауды керісінше менің ұлымнан үйренсін деп кеңес айтты. 

“Ол Қайрат Нұртасты орынсыз сынға алатындар одан ананы құрметтеуді үйрену керек екенін айтты. Продюсер жұлдызды баласының амандығын тілеп, оған аналық махаббатын жеткізді. "Екі күн болды ұлымның осы әнін тыңдасам, көзімнің жасы тыйылмай кетеді. Әлі соңына дейін бітпеген ән. Жүректен шыққан ән, жүрекке жететіні анық. Бүкіл өмірімді көз алдыма елестетті. Жан балам аман болшы. Ана деп шырылдаған жүрегіңнен, құлыншағым. "Мамасының баласы" дегендер ананы құрметтеуде сенен үлгі алсыншы. Әуелі жүректеріңізде бір Алла болсын. Екінші әрине, ол – ана. Ешбір ананы баласына сынақ беріп қинамасын. Сіздерге де тілейтінім, армандарыңыз орындалып, үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізіп, Қайраттарыңыз айтқандай: барша аналар, көз жастарыңыз тек қуаныштан болсыншы", - деп жазды продюсер парақшасында. 

Желі қолданушылары қолдау білдіріп, өз ойын жеткізді.

“Сіз бақыттысыз, осындай ұлдарыңыз бар”, “Көре алмағандар сөйлей берсін, ол үшін уайымдаудың керегі не?”, “Анаңның баласы болмағанда кімнің баласы боласың?”, “Қайрат анасын құрметтей алады, артық әңгіме керек емес”, “Ананы сыйлау ұят емес”, “Әйелдерінен қорқып жүргендер ұялсын”, “Аналар аман болсын, балалар жыламасын”, “Ата-ананы құрметтей білейік”, – деп жазды көпшілік. 


Талқылау