Бақытжан Сағынтаев 1 ақпаннан бастап жаңа қызметіне кірісті
Бақытжан Сағынтаев еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комиссияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 ақпанда еуразиялық экономикалық комиссия алқасының жаңа құрамы жұмысын бастады. Оларды еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің басшылары 25 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында бекіткен.
"Бүгіннен бастап ЕЭК алқасының төрағасы – Қазақстан Республикасының өкілі Бақытжан Сағынтаев", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ЕЭК алқасының мүшелері (министрлер) бекітті:
- ЕЭК өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян;
- ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар министрі Варос Симонян;
- ЕЭК бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Максим Ермолович;
- ЕЭК техникалық реттеу министрі Валентин Татарицкий;
- ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов;
- ЕЭК кедендік ынтымақтастық министрі Эльдар Әлішеров;
- ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Кожошев;
- ЕЭК интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев;
- ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев.
Еске салайық, бұған дейін Бақытжан Сағынтаев 2024 жылы еуразиялық экономикалық комиссия алқасын басқаратыны айтылды. Ол 2022 жылдың 1 маусымынан бастап еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі қызметін атқарды.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ