Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының басшысы болып тағайындалды

Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасын басқаратын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев үндеу жариялады

Ақорда ұсынған ақпаратқа сүйенсек, бұл жайлы Ресейде өткен еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтылған.

“Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне Қазақстанның өкілі Бақытжан Сағынтаевты сайлады”, – делінген мәліметте.



Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы міндетін Михаил Мясникович атқарған.

Сағынтаев 2022 жылдың мамыр айынан бастап ЕЭК алқасының мүшесі, оған дейін 2019 жылдың маусымынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы қаласының әкімі болған ал 2019 жылдың наурызынан бастап президент әкімшілігін басқарған. Қаңтар оқиғасы кезінде дәл осы Сағынтаев Алматының әкім болған. Сонымен қоса әртүрлі жылдар ішінде ол мемлекеттік хатшы, премьер-министр болды, үкіметтің жоғары эшелонында басқа да басшылық қызметтерді атқарған.

Талқылау