Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаһандық тұрақсыздық және санкция салдары: Тоқаев Ресейде өткен Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына не туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде өткен еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президент осы жылы жаһандық тұрақсыздықтың күшейе түскенін атап өтті.

"Инфляция қысымы, халықаралық логистикалық тізбектердің трансформациясы, аймақтардағы қақтығыстар, санкциялық текетірестер әлемдік экономиканың даму қарқынын бәсеңдетті. Осындай күрделі жағдайда Қазақстанда жылдық экономикалық өсім – 4,9 пайыз. "еуразиялық бестікке" кіретін барлық елде оң динамика байқалады”, – деді ел басшысы.

Айтуынша, келесі жылы жаһандық экономика бірқалыпты,баяу қарқынмен 1,5 пайыздан 3 пайызға дейін өседі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев еуразиялық экономикалық одақтың құрылуына негіз болған іргелі мақсатты толыққанды жүзеге асыру, яғни тауарлардың еркін қозғалысына тың серпін беру қажет деп санайды. Ол аштық мәселесіне тоқталып, ЕАЭО-ның әлеуетін туралы айтты.

"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің әлемдік нарықтағы ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының үлесі екі пайыздан сәл ғана асады. Ал дүниежүзінде 800 миллионнан астам адам аштық пен азық-түлік тапшылығының зардабын тартып отыр. Азық-түлікті жеткізуге қазіргі геосаяси ахуал, әсіресе, бірінші кезекте санкциялар кедергі келтіруде. Сарапшылардың бағалауынша, ЕАЭО елдерінің әлеуеті 600 милионға жуық адамға тамақ тауып беруге жетеді. Сондықтан бәсекеге қабілетті, экологиялық таза және экспортқа бағдарланған өнім шығару мақсатында тығыз кооперациялық байланыстарды жолға қою басым бағыттарымыздың біріне айналуы керек", – деді президент.

Никол Пашинян Арменияның 2024 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына нәтижелі төрағалық етуіне тілектестік білдірді. Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия төрағасы лауазымындағы миссиясын аяқтаған Михаил Мясниковичке алғыс айтты.

Ұйымға мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қызметіне Қазақстанның өкілі Бақытжан Сағынтаевты сайлады.

Талқылау