Бағлан Майлыбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылмайтын болды
Президент Әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевты шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартылды. Белгілі болғандай, бұған дейін Майлыбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

«2019 жылы 4 қыркүйекте қылмыстық істер бойынша сот алқасының үкімімен сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылды», - дейді қалалық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2017 жылы 16 қаңтарда Қылмыстық кодекстің «Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету» бабына сәйкес қылмыс жасады деген күдікпен ҚР президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаевты ұстаған еді. Артынша сот оны кінәлі деп таныды. Майлыбаевтың мүлкі тәркілене отырып, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”