Ауыр атлетикадан Азия ойындарының чемпионы дүниеден өтті
Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі отандық белгілі спортшы Вячеслав Ершовтың қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото Дамир Сатаев
Бұл туралы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"2024 жылғы 29 қаңтарда Вячеслав Ершов өмірден өтті. Ол 2006 жылғы Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионаттарының қатысушысы, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы болды. Ауыр атлетика федерациясының ұжымы Вячеславтың жақындары мен туыстарына көңіл айтады, қайғыға ортақпыз", – делінген федерацияның таратқан ақпаратында.
- "Ақтөбе" футбол клубы италиялық шабуылшыны қатарына қоспақ
- Барселонаның бас бапкері кім болатыны белгілі болды
Айта кетейік, 2013 жылдың сәуір айында зілтемірші әйгілі қазақстандық спортшы, екі дүркін әлем чемпионы Майя Манезамен шаңырақ көтерген. 2013 жылы тамызда ауыр атлеттер отбасында ұл, 2021 жылдың тамыз айында қыз дүниеге келді.
Талқылау

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
1 тамыздан бастап үлескерлерге салынып жатқан ғимараттардағы тұрғын үй үшін қолма-қол ақша төлеуге тыйым салынады

“Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”: Үнді жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызы ерекше өткен тойы мен салты туралы айтып берді
Айгерім: “Келіндік міндетім жоқ, үй шаруасын 5 қызметші атқарады”