Азия ойындары-2025: Қазақстандық шаңғышы қыздар күміс жүлде жеңіп алды
2025 жылғы қысқы Азия ойындарының бесінші күнінде ел қоржыны тағы бір күміс медальмен толықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/olympic.kz
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан бәсекеде шаңғышы қыздар жарысқа түсті. Бұл бағдарламада ел намысын Ксения Шалыгина, Камила Елғазинова, Ангелина Шурыга және Надежда Степашкина қорғады.
Қазақстандық спортшылар мәре сызығын 55:24,5 уақытта кесіп өтті. Нәтижесінде күміс жүлдені жеңіп алды. Ал 53:59,3 уақытта келген Қытай құрамасы жарыс жеңімпазы болды. Жапония құрамасы қола медальді иеленді. Олар берілген қашықтыққа 56:38,1 уақыт жұмсады.
Айта кетейік, кеше Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан және биатлон жарыстарынан қос алтын жүлде жеңіп алған еді.
Марқұмның бөлмесіне дән шашып, айнаны неге жабады? Қазақтың жерлеу рәсімдеріндегі ырымдардың мәні қандай
Жанболат Қазанбаевтың айтуынша, ақ түстің қазақ дүниетанымындағы орны ерекше
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады

