Азия ойындары-2025: Қазақстан құрамасы екінші алтынды жеңіп алды
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан алтын жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Синхронды секіру бағдарламасында Қазақстан құрамасы сапынан Роман Иванов пен Шерзод Хаширбаев өнер көрсетті. Спортшыларымыз Қытай құрамасын қапыда қалдырып, чемпион атанды.
Айта кетейік, қытайлық спортшылар қатарында олимпиада чемпионы Ци Гуанпу жарысқа қатысқан еді.
Осылайша отандастарымыз тарихи жүлдені қоржынға салды. Себебі Азия ойындарында Қазақстан фристайл-акробатикадан алтын жүлдені алғаш рет ұтты.
Бұл – фристайлшылардың қысқы Азия ойындарындағы төртінші жүлдесі. Бұған дейін синхронды секіру бағдарламасы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасының қола жүлде алғанын жазған едік.
"Пасханы да, Ораза айтты да тойлаймыз": Екі түрлі дінді ұстанатын отбасы діни сыйластық туралы айтты
Бүгінде екі жасар қызын екі мәдениетпен де таныстырып тәрбиелеп отыр
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады

