Азия ойындары-2025: Фристайл-акробатикадан әйелдер құрамасы ел қоржынына 10-жүлдені салды
Фристайл-акробатикадан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Бұл бәсекеде ел намысын Аяна Жолдас пен Ардана Маханова қорғады. Спортшыларымыз синхронды секіру сайысында үздік үштікке ілінді.
Бірінші және екінші орынды алаң иелері ұтты. Дәл осы бағдарламада Қытай аруларына тең келер ешкім табылмады.
Айта кетейік, Аяна Жолдас кеше аралас құрамамен Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ шорт-тректен ерлер құрамасы Қазақстанға алғашқы алтын жүлдені алып берді.
240 мың теңгелік ноутбукты 440 мыңға сатқан: Техника дүкендері қосымша бағдарламаларды орнатуды талап ете ала ма
Маман ақшаны сот арқылы нақты дәлелдер келтіріп өндіруге болатынын айтты
Марқұмның бөлмесіне дән шашып, айнаны неге жабады? Қазақтың жерлеу рәсімдеріндегі ырымдардың мәні қандай
Жанболат Қазанбаевтың айтуынша, ақ түстің қазақ дүниетанымындағы орны ерекше

