Азия ойындары-2025: Қазақстан құрамасы 15-жүлдесін жеңіп алды
Қазақстан ерлер құрамасы шаңғы жарысынан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Тұрар Қазанғапов
Қазақстан құрамасынан бұл жарысқа Константин Борцов, Наиль Башмаков, Олжас Климин және Владислав Ковалев қатысты. Шаңғышылар 4x7,5 шақырымдық спринт бағдарламасында сынға түсті.
Бұл бәсекеде Жапония құрамасы екінші орын алды. Алтын медальды алаң иелері – Қытай құрамасы жеңіп алды.
- Азия ойындары-2025: Қазақстандық шаңғышы қыздар күміс жүлде жеңіп алды
-
Азия ойындары-2025: Қазақстан құрамасы үшінші алтын жүлдесін иеленді
-
Азия ойындары-2025: Қазақстан құрамасы екінші алтынды жеңіп алды
Осылайша Қазақстан құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында 15-жүлдесін жеңіп алды. Қазір қоржынымызда 3 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар. Жалпы есепте Қазақстан төртінші орында келеді. Әзірге үздік үштікте Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары.
"Таза қазақша сөйлегім келеді": Парижде тұратын француз қызы қазақ тілін үйреніп, мәдениетін дәріптеп жүр
Элиз әлеуметтік желі арқылы қазақ тілін үйреніп алған
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған

