"Айтқан сөзіме өкінбеймін": Алматы облысының әкімі наразылық білдірушілерге дөрекі сөйлеуінің себебін айтты
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жиналған халықтың алдындағы бейпіл сөзі үшін түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен наразылық білдірушілердің ортасында бір жарым сағаттай болдым. Митингігке шыққан халық өз талаптарын айтты. Бірнеше адам халық арасында алауыздық туғыза бастады. Сол сәтте эмоциямды тежей алмай қалдым, бірақ арада минут өткен соң микрофонды қайта алып, халықтан айтқан сөздерім үшін кешірім сұрадым", – деді Қанат Бозымбаев брифингте.
- "Алтын Орда" базарының мәселелері қалай шешіледі - Алматы облысының әкімі жауап берді
- Бозымбаев Талдықорғандағы Назарбаевтың ескерткішін жөндеу туралы: Мәселе қарастырылып жатқан жоқ
- Бес баланың әкесі: Талдықорғандағы тергеу абақтысында қаңтар оқиғасына қатысқан ер адамды сау-тамтығын қалдырмай ұрып тастаған
Бозымбаевтың айтуынша, сол күні өзі де жиналған азаматтардан біршама "ауыр" сөздер естіген. Осылай деген облыс басшысы "Айтқан сөздеріме өкінбеймін", – деп сөзін түйіндеді.
Еске салайық, қаңтардың 4 күні жиналған халықты тыныштандыруға тырысқан Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев жиналғандарға әдепсіз сөз айтып жіберген.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?