Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бес баланың әкесі: Талдықорғандағы тергеу абақтысында қаңтар оқиғасына қатысқан ер адамды сау-тамтығын қалдырмай ұрып тастаған

Талдықорғада болған шерулердің біріне қатысқан 32 жастағы н Сарқыт Салқановтың туысқандары оның митингіде белсенділік танытқанымен, ешқандай басбұзарлыққа бармағанын айтады. Олар бауырларының түрмеде азапталғанын айтып, наразылық білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап. 

Туыстары тергеу абақтысында азапталған Сарқыт Салқановтың денесінің сау-тамтығы қалмағанын айтты.  

“Салқанов Сарқытты 12-і күні алып кетіп, СИЗО-аға алып барып соққан. Барлық анықтамалары бар. Қатты зақым. Қабырғалары сынған, барлығы бар. Содан кейін жіберіп отыр да, қайтадан 22-і күні алып кетті. Міне, 40 күндей болды, қамалып жатқанына”, – дейді Сарқыт Салқановтың қарындасы Қаламқас Бисембаева.

Ал күдіктінің тергеу барысында оңбай таяқ жегенін растаған адвокат апталдай азаматты тіпті үтікпен күйдірмек болғанын айтады. Оның сөзінше, оған "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бірақ шеруге шықса да, ештеңе бүлдірмеген адамды бір ауыз сөзі үшін қамауға болмайды дейді адвокат.

“Сөзінің аяғында "жүріңдер әкімдікке" деген ғой. Сосын ең соңында "еш нәрсе бүлдірмеңдер, қиратпаңдар" деген. Тергеу сараптама тағайындап жатыр. Айқайлаған дауыс соныкі ме, бұл жерде бұзақылыққа шақыру бар ма дегендей, филологиялық сараптама жүргізіп жатыр. Соны күтіп отырмыз”, – дейді қорғаушы Төлеген Бердіқожа.

Белгілі болғандай, ер адам бес баланың әкесі. 

Ал "Ақиқат" қоғамдық комиссиясы түрмедегі азаптауға қатысты бірде-бір істің әлі сотқа жетпегеніне қапалы. Бірақ қаңтар оқиғасын тексеру мәселесі "күн тәртібінде" деген олар Қызылорда, Алматы облысы мен Алматы қаласынан көп өтініш түсіп жатқанын айтады. Ал осыған абақтыдан шыққандардың  дені үй қамаққа ауыстырылған.

“Комиссияның араласуымен нақтысын айтсақ, 60-тан адам болды. Ол тек Алматы емес қой. Ал сенбі күні 20 адам шықты. 10 адам Алматы қаласынан, 10 адам Алматы облысынан шықты. Атыраудан қанша адам шығатынын білмейміз, Қызылордадан хат алдық, 9 адам шығарылып жатыр деген. Соңғы күндері зардап шеккен кәсіпкерлер де шағым түсіре бастаған. Қазір тәртіпсіздік кезінде шығынға батқан 27 жеке кәсіпкер өтініш жазыпты. Барлығы өтелетін қаржы көлемімен келіспеген. Сондықтан осы бағытта да жұмыс бастадық”, – дейді комиссия жетекішіс Айман Омарова. 

Талқылау