"Қырғызстанға бару арманым еді": Айтыскер Айшолпан Тілеутай халықаралық айтыстан шеттетіліп қалғанын айтты
Айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай әлеуметтік желідегі парақшасында халық аралық айтысқа қатысушылардың тізімінен сызылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/tleutai.aisholpan
Ақын оқырманына соңғы кездері көңілсіз жүргенінің себебін айтты.
“Қаншама ай дайындалған айтыстың тізімінен сызылып қалдым. Қатты өкпеледім. Себепсіз айтыстан шеттетілуім бірінші рет емес еді. Талай айтысқа неге екені белгісіз, қатыспай қаламын. Бастысы ешкімге мұңымды айтпай, қазақтың мұңын жырлап жүре бердім. Жақындарым "бәрі алда" деп қолдау білдірді. Сөйтіп алдыңғы күні қырғыз ағайындардан ел аралық қырғыз-қазақ айтысына шақырту келді. Қырғызстанға айтысқа бару арманым еді. Алламның әрбір ісі мен үшін бір белгі. Не берсең де, қайырымен бер”, – деп жазды Айшолпан.

Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады