"Айтарлықтай көп емес": Ауыл шаруашылығы министрлігі қуаңшылықтан қанша мал басы қырылғанын жариялады
Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстау және Қызылорда облыстарында қанша мал қырылғанын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ресми деректерге сәйкес, Маңғыстау облысында малдың 1161 басы қырылды. Олардың ішінде 49-ы ірі қара, 503-і қой, 543-і жылқы және 66-сы түйе. Егер аймақтағы бар жалпы мал санымен шаққанда бұл оның 0,1%-ын құрайды. Яғни айтарлықтай көп емес”, – дейді АШМ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Қайрта Мұтаев.
Бұған қоса, ол Қызылорда облысында қырылған мал санына тоқталды. Министрлік өкілінің сөзіне сүйенсек, өңірде 553 мал басы өлген. Олардың 176-сы ірі қара, 376-сы жылқы және бір түйе.
Еске салсақ, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанда мал шаруашылығын дамытудың негізгі принциптері бұзылғанын мәлімдеген еді.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып