"Әйелі мазалай берген соң кездеспей қойдым": Ақтөбелік бойжеткен өзін полиция майоры ұрып-соғып, мазақ еткенін айтты

Ақтөбе тұрғыны Алиева Карина Instagram желісіне көгерген денесінің суреттерін жариялады. Бойжеткен өзін полиция майоры ұрып-соқты деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Каринаның айтуынша, өзін ұрған полицей есірткімен күрес басқармасының басшысы. 

"Бұл жайлы жазу керек пе деп ұзақ ойландым. Оны дәлелдеу мүмкін бе?", - деп жазды бойжеткен парақшасында

Келесі жазбасында өз оқиғасын баяндады. Бұл уақытта прокуратураға арыз жазып үлгерген.

"Мен ешбір жазбамды өшірмеймін. Мен мықтымын. Үндемей қалмаймын", - деп ашынды бойжеткен. Айтуынша, полицеймен біраз уақыт кездесіп жүріп, кейін кездеспейтінін ашып айтқан.

"Біз жарты жылдай кездесіп жүрдік. Кейін оның әйелі хабарласып мазалай берген соң полицейге кездеспейтінімді айттым. Бір апта сөйлеспей жүрдік. Бір күні  маған келіп тұр. Шықпасаң бүкіл үйіңді оятам деді. Оның көлігіне отырдым. Ол мені мазақ ете бастады. Мені ұрып-соғып, видеоға түсірді. Көзіме тура қара деп қинады. Бетімнен, басымнан ұрды. Құлаған уақытта, қабырғамнан тепті. Шашымнан тартып тұрғызды. Әлдене айтқанымда одан әрі ұра бастады. Мен оның қолындағы телефонда жұлып алып, жалаңаяқ қаштым. Таңғы уақытта тұрақ жанында бірнеше жігіт мені көріп, үйге әкеп тастады. Үйден шыға алмай қалдым. Ол мені үйге келіп аңдыды. Достары келіп басу айтқанымен көнбеді. Өзім мен жақындарым үшін қорықтым. Полицияға, прокуратураға арыз жаздым. Осыдан соң келмей кетті. Сот-медициналық сараптамадан өттім. Енді нәтижесі шығу керек. Істің бақылауда екенін айтты", - дейді Карина. 

Бұған қатысты Ақтөбе қалалық полиция департаментіне сұрау салып көрдік. 

"Дәл қазір полиция майоры Карина Әлиеваны ұрған-ұрмағаны белгісіз. Бұған қатысты бір нәрсені кесіп айта алмаймын. Дәл қазір осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасында тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол тексеріс, қылмыстық іс біткен соң ғана нақты ақпарат береміз. Сондай-ақ, қылмыстық істің нақты қандай баптар бойынша қозғалғаны әзірге жасырын", - деді Ақтөбе қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов Stan.kz тілшісіне. 

"Күштеп айналдырып, тұншықтыра бастады": Медеуде зорланған жасөспірім оқиғаның қалай болғанын айтып берді >>>
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр