Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айару Бақытбек: Мені үйсіз адамдар емес, иттер көбірек алаңдатады

Баян Мақсатқызының кенжесі болашақ жоспарларын бөлісіп, әлем бойынша көп мейрамхана ашқысы келетінін айтты. Мұнымен қатар, иттер үйін ашуды жоспарлап жүр екен.

19379783_117056648898987_2573624517788172288_n

Сурет: Айару Бақытбектің жеке парақшасынан

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

“Болашақта тамаша жоспарларды жүзеге асырмақпын. Жақындарым мен ата-анамның үміттерін ақтағым келеді. Бірінші кезекте, өзімнің. Біз барып жүрген әуежайларда Starbucstar өте көп. Мен де бизнесімнің дәл солай таралғанын қалаймын. Әлем бойынша бірнеше мың мейрамхана ашқым келеді. Мұнымен қатар, қонақ үй мен иттерді бағатын үй ашпақпын. Мені үйсіз адамдар алаңдатпауы мүмкін. Бірақ, үйсіз иттер үшін алаңдаймын. Оларға арнап иттер үйін ашқым келеді”, – дейді Айару Бақытбек.

Продюсердің кіші қызы, мұнымен қатар, жазғы демалыста немен айналысып жатқанын айтты.

“Өзімді дамытуды жоспарлаған болатынмын. Күн сайын түрлі тағам әзірлеп, өзім үшін жаңа бірнәрсе білуге тырысамын. Аспаздық арқылы ақша тапқым келеді. Бірақ, мамандар мұның оңайға соқпайтынын айтып жатыр. Әзірге балалық шағымды ойдағыдай өткізіп алайын. Көп ұзамай өз еңбегіммен ақша табатын боламын”, – дейді Айару Бақытбек.


Жіберіп алмаңыз:

Айару Бақытбек: Менің анам да адам. Оған қолдау қажет

Қазақстандық актриса жүкті кезінде жалаңаштанып суретке түсті (фото)

Ақбота: Дəуренді алғашқы отбасына өзім жібердім

Кітабының тұсауын кескен Баян Мақсатқызы шымкенттіктерді шулатты (фото, видео)

Талқылау