Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қызымыздың аяғын көлік салонынан іздедік": БҚО-да жантүршігерлік жол апаты жайлы жаңа деректер айтылды

БҚО-дағы Орал – Тасқала бағытындағы тас жолда мас күйінде көлік жүргізген полиция қызметкері жолдың қарсы бағытында келе жатып, алдынан шыққан көлікпен сотығысқан. Салдарынан бір әйел қаза тауып, екі адам ауыр жарақат алған. Алты айлық қыз бір аяғынан айрылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Оқиға құқық қорғау органы қызметкерінің мас күйде жолдың қарсы бағытына шығу салдарынан болған. Зардап шеккен жолаушылардың туыстары көлікте төрт адам – жүргізушінің өзі, анасы мен жұбайы және кішкентай қызы болғанын айтты. Анасы сол мезетте қайтыс болса, жары мен кішкентай қызы ауыр жарақатпен емханаға жіберілген.

“Ағам маған анамыздан айырылып қалғанымызды айтты. Өзі сол жерден өтіп бара жатқан көлікті тоқтатып, әйелі мен кішкентай қызын бірден ауруханаға жіберген. Ораулы сәбидің жарақатын ешкім байқамаса керек. Одан соң баланың бір аяғынан айырылғандығы жөнінде хабар келді. Кейін біз топ болып сәбидің аяғын оқиға орынынан іздедік. Тапқан соң оны өз қолыммен жол полиция қызметкерлерінен беріп жібердім. Ал жеңгемнің сол кезде анамыздың қазасы мен кішкентайының ауыр жағдайынан хабары болмады”, – дейді жүргізушінің бауыры Азат Аманғалиев.

“Біз үлкен өкінішпен қаза болған жанның отбасы мен туыстарына көңіл айтамыз. Түсіністікпен қараса екен дейміз. Ештеңені жасырып, жабуға тырыспаймыз!” – дейді БҚО полицей департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.

Зәбір көруші жақ  апатқа кінәлі Теректі аудандық полицей қызметкерін заңның ең қатал шараларымен жазалауды талап етуде. 

Талқылау