Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автобуста маска тағудан бас тартып, жанжал шығарған алматылық бойжеткен айыппұл арқалады

Алматыда автобуста маскасыз отырғаны үшін ескерту алған қыз ашуға бой алдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау қызметкерлері қоғамдық көліктердегі карантин шараларын бұзу деректерін жіті бақылауға алды.

Бұл видео әлеуметтік желіде тез арада тарап кетті.

Маскасыз отырған қызға автобус жолаушылары, жүргізушісі ескерту жасаған. Өзін бейнекамераға түсіре бастағанда қыз ашуланып, телефонды итеріп жіберген.

Жергілікті полиция қызметі тексеру жүргізіп, қыздың кім екендігін анықтады.

 

"Заңға сәйкес шара қолдану үшін ол полицияға жеткізілді. Бұл 22 жастағы Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Оған бірден екі әкімшілік іс қозғалды. ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормаларды бұзу" бойынша 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынды (30 АЕК). Сонымен қатар, ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы – ұсақ бұзақылық бойынша материалдар шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіледі", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр