AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауруханада бір апта жатқан: Алматы облысында 16 жастағы қыздың туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлады

Алматы облысында 16 жастағы қыз ауруханаға жатқаннан кейін бір аптадан соң көз жұмған. Оның жұмбақ өліміне отбасы дәрігерлерді кінәлап отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Кристина Райхты туған-туыстары соңғы рет 30 тамыз күні көрген. Сол күні 16 жастағы бойжеткен екі жақты пневмониямен Іле аудандық орталық ауруханасына жатқызылған. Кристина Райхтың жақындары қыздың жағдайы мен ем-домы туралы дәрігерлер бұған дейін тіс жармады деп отыр. Диагнозының өзін нақты қоймаған дәрігерлер, қыздың отбасына мардымды жауап бермеген көрінеді. Тіпті өздерінің мүмкіндігі жетпегеннен кейін араға адвокат салып білуге де тырысыпты. 

"Дәрігерлер күн сайын әртүрлі диагноздар айтқандықтан, біз қандай ем-дом жасап жатқандары жайлы шағын көшірмені көрсетуді сұрадық. Баланың қандай күйде екенін біле алмадық. Ақ халаттылар оны бізге көрсетуден түбегейлі бас тартты”, – дейді марқұмның әпкесі Ирина Кирилюк.

Өрімдей қыздың қанда жағдайда жатқаны жайлы нақты ақпарат болмағасын, туыстары адвокаттың көмегіне жүгінген. Ол болса аурухананың бас дәрігеріне жүгінбек болған. Алайда еш нәтиже шықпапты. Ал 7 қыркүйек күні дәрігерлер қыздың жақынына хабарласып, Кристинаның қайтыс болғанын естірткен. Ал мәйітханаға барған туыстары оның денесін көргенде шошыдық деп отыр.

"Бізге баланы ашып көрсеткен кезде оның бүкіл беті көкпеңбек болып кеткенін байқадық. Мұрны мен маңдайы, бәрі көгеріп кеткен", – дейді әпкесі.  



Ал Іле аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары ауруханаға түскен кезде қызда коронавирустық инфекцияның белгілері бар пневмониядан бөлек, қосымшу аурулары, соның ішінде қант диабеті болғанын жеткізді. Ал туған туыстарын не себепті кіргізбегендеріне былай деп жауап берді.

"Науқас біздің стационарға 30 тамызда аса ауыр жағдайда жеткізілді. Консультация мен қосымша тексерулерден және компьютерлік томографиядан кейін, науқаста ишемиялық типтегі ми қан айналымының жедел бұзылуы және синус тромбозы бары анықталды. Барлық емдеу ҚР ДСМ хаттамаларына сәйкес жүргізілді. Ал туыстарын кіргізбеген себебіміз, Кристина реанимацияда жатты. Онда бөгде адамдардың кіруіне болмайды”, – дейді Іле аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Лязиза Сүлейменова. 

Дәрігерлердің сөзінше, Кристина инсульт алған. Ал тромбоз коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның әсерінен болуы мүмкін деген болжам бар. Алайда өрімдей қыздың нақты неден қөз жұмғанын дәл қазір дөп басып айту қиын. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады. Ақ халаттылардың кінәсі бар-жоғы және өлімнің нақты себебі тергеу барысында анықталмақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр