Ауыл шаруашылығы министрлігі Маңғыстауға шөп жеткізу үшін көмек сұрады
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, Түркістан облысындағы белсенділер жинаған шөпті Маңғыстауға тегін жеткізуге көмектесуін сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
"Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Сауранбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында Ербол Қарашөкеев Түркістан облысының белсенді тұрғындары жинаған жем-шөпті тегін әрі жедел жеткізіп беруге көмектесуін сұрады. Ұлттық тасымалдаушы компанияның басшысы бұл мәселені өз бақылауына алып, көмек беретінін айтты", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Еске салсақ, шымкенттік Құрмет Талапқазының Маңғыстаудағы малды ауылдарға шөп жіберу туралы бастамасы ел ішінде кеңінен қолдау тапқанын жазған болатынбыз. Ал ҚТЖ қуаңшылық жайлаған аймақтарға шөп жіберу үшін еріктілерден ақша сұраған.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"