Атырауда никаб киген қызды аяусыз соққыға жыққан азамат қамауға алынды

Видеодан скрин
Атырауда оранған қызды аяусыз соққыға жыққан азамат қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Күдікті қазір тергеліп жатыр. Оның мұндай қатыгездікке не үшін барғаны әзірге белгісіз.
Осыған дейін ер адамның қызды соққыға жыққанын жазғанбыз. Видеодан екеуінің жеделсаты алдында сөйлесіп тұрғанын көруге болады. Бір сәтте ер адам қыздың басынан бірнеше рет ұрады. Жерге құлағанына қарамай одан сайын сабап, аяғымен бетінен тебеді. Содан кейін ештеңе болмағандай сыртқа шығып кетеді. Қыз орнынан тұрып, жеделсатыға кіргенде қайтадан жүгіріп келіп, тағы қол көтереді. Айғай-шуды естіген тұрғындардың бірі жәбірленушіні пәтеріне кіргізіп, көмек көрсеткен екен. Күдікті қызға кім болып келетіні әзірге айтылмады.
Полиция басқармасы оқиғаны түсіндірді.
“Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша ұрып-соғу бабымен қылмысты іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жариялауға жатпайды”, – дейді Атырау облысы полиция департаментінің бөлім инспекторы Дина Мақсатова.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?