Атырауда науқастан қан үлгісін алған медбике коронавирус жұқтырып алды
Атырау облысында коронавирус жұқтырған бесінші адам қалалық емхана қызметкері болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz.

Медбике 17 наурыз күні Атырауға Стамбұлдан Алматы арқылы ұшып келген қыздан қан үлгілерін алды. Кейін науқасқа инфекция диагнозы қойылды.
Ал бүгін, 29 наурызда, емхана қызметкерінен коронавирусты растады.
Қазір ауруды жұқтырған науқаспен байланыста болған 27 адам анықталды. Барлығы карантинге алынған.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, үшінші қалалық емхана 30 наурыздан бастап қашықтық режимге ауысады.
Медициналық мекеме толық дезинфекция жүргізеді.
Атырау облысында коронавирустық инфекцияның бес жағдайы тіркелді. Елде 228 жағдай расталды.
18 науқас сауығып кетті. Вирус жұқтырғандардың бірі, 64 жастағы әйел 26 наурыз күні Нұр-Сұлтандағы ауруханада қайтыс болды.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”