Атырау облысында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті
Атырау облысында жолаушылар автобусы жол жиегіндегі суға түсіп кетті. Оқиға "Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу" жолында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол-көлік оқиғасы кеше, 4 мамырда сағат 11:00 шамасында болған. Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"Маңғыстау облысының Бейнеу ауылынан Атырауға келе жатқан жолаушылар автобусы республикалық маңызы бар "Атырау-Доссор-Құлсары-Бейнеу" жолының 109-шақырымында күре жолдан шығып кетті. Автобусты 1984 жылы туған ер адам басқарған. Жүргізуші рульге ие бола алмай қалған. Бұл автобустың жолдан шығып кетуіне себеп болды. Сөйтіп, автобус жол жиегіндегі суға түсіп кеткен", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Бұл кезде автобус салонында 10 жолаушы болған. Олар дін-аман.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"