Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жолаушылар лас вагон үшін сотқа арызданып, 50 мың теңге өндіріп алды

"Атырау-Ақтөбе" пойызының екі жолаушысы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ны ("ТНК Қазақстан темір жолы" АҚ еншілес кәсіпорны) сотқа берді. Вагондағы антисанитариялық жағдайды видеоға түсіріп, полиция шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Диапазон сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото matrixplus.ru
Олар талап арызында жүріп бара жатқан вагон тасымалдауға дайын емес екенін және барлық жері шаң басқан, лас су ағып жатқанын жазған. Олар 102-ге қоңырау шалып, Мақат станциясындағы көлік полициясына келіп, арызданды. 

Бұдан бөлек антисанитариялық жағдайға ашуланған жолаушылар орнын немесе вагонын ауыстыруды өтінген. Алайда өтініші аяқсыз қалған. Іс насырға шауып, олар "Жолаушылар тасымалы" АҚ-дан моральдық шығын үшін 500 мың теңге талап етті.

Талапкерлердің мұндай талаптарымен теміржол компаниясының өкілі келіспеген. Ол вагонды тазалап жатқанын, Атырауда күн ыстық, сондықтан вагондардың терезелері ашық, ішіне шаң кіріп кететінін түсіндірді.



Сотта талапкерлер вагонда антисанитарлық жағдайдың болғанын бейнежазба арқылы дәлелдеді. Сонымен қатар сот айыпталушының пойызға ашық терезе арқылы шаң кіруі мүмкін деген уәжі тек жолаушылар алдындағы жауапкершіліктен құтылу үшін айтылғанын атап өтті.

Күні кеше сот антисанитариялық жағдайға ашуланған жолаушылардың талап-арызын дұрыс деп шешті. Сот жауапкерді екі талапкерге моральдық шығын үшін әрқайсысына 50 мың теңгеден өндіруге міндеттеді.

Айта кетейік, бұған дейін вагондардағы қолайлы жағдай жасалмағаны үшін теміржол компаниясынан жолаушылар пайдасына ақша өндірілген еді.

Талқылау