Астанадағы LRT құрылысы бойынша ақша жымқырды деген күдіктілердің бірі анықталды – Интерпол
Халықаралық детективтер даулы LRT ісі бойынша күдіктілердің бірін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ec-info.org
Елорда прокуратурасы бір күдікті анықталғанын айтқанымен, оның кім екенін нақтыламады.
“Интерполдың мәліметі бойынша, қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың бірі Батыс елдерінің бір жерінде анықталды. Жалпы, экстрадицияға қатысты да бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр”, – деді Астана қаласының прокурорының орынбасары Азамат Ермаханов.
Еске салсақ, Астанадағы жер үсті метросын салу кезіндегі ұрлық фактілерін тергеу осыдан бес жыл бұрын аяқталған еді. Осы уақыт ішінде іс бойынша басты айыпталушылар – Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Астана әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков халықаралық іздеуде болды. Олардың қайсысы табылғаны әлі белгісіз.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"