Астанада жігіттерді әскерге кофеханадан күштеп әкеткен видео тарады: Қорғаныс министрлігі мән-жайды түсіндірді (видео)

Астанада ер азаматтарды әскерге кофеханалардан күштеп алып кетіп жатқан видео тараған еді. Ал Қорғаныс вице-министрі Асқар Мұстабеков оларды күшпен алып кетпегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, елордадағы кейбір кофеханаларда әскери қызметке жарамды азаматтарды тексеру күшейген. Куәгерлердің айтуынша, форма киген адамдар келушілердің жеке сәйкестендіру нөмірін сұрап, жасын тексеру сылтауымен құжатын қарап, кейін кейбірін алып кеткен.
Желіде жарияланған видеода бір жігітті полиция қызметкерлері мен азаматтық киімдегі екі адам алып кеткенін көруге болады.
ОқыңызОсы жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Қорғаныс вице-министрі Асқар Мұстабековтен мән-жайды сұрады.
“Бұл кісі бірнеше рет хабарлама алған. Бірақ азамат өзі келмеген соң құзырлы органдар іздеп тауып, оны жауапқа тарту үшін алып келді”, – деді вице-министр.
Вице-министр олардың жүрген жерін қалай тауып аласыздар деген сауалға да жауап берді. Ол сұраққа бізден басқа да құзырлы органдар бар деген пікір білдірді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда сарбаздардың әскерде телефон қолдануына қатысты жаңа ережелер енгізілгені туралы жазған едік.
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты