Астанада сол жағалаудағы тұрғын үй кешенінде алапат өрт шықты (видео)
Астанада сол жағалауда орналасқан “Лазурный квартал” тұрғын үй кешенінен сейсенбі 2 мамыр күні өрт шықты. Куәгерлер үйден шығып жатқан қою түтінді суретке түсіріп әлеуметтік желіге жариялаған.

Фото: Данара Жұманова
Елорданың төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Сарайшық, 5Г көшесінде орналасқан үйдің балконы жанып жатқаны туралы 13.17-де белгілі болған.

Фото: Баубек Қоңыров
Өрт сөндірушілер төрт минутта оқиға орнына жетіп, 1 мен 2 қабат аралығында орналасқан ауданы 40 шаршы метр жылытқыштың өртенгенін анықтапты.

Өрт 13.41-де сөндірілді. Өртті сөндіруге 24 адам мен 5 көлік жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз:
Алматыда көлік сауда үйінің алдында ер адамды қағып өлтірді
Оралда қыз бен жігіт ұрлап алған көліктерімен жол апатына түсті
Алматыда 16 жастағы қыз полициядан қашамын деп жол апатына түсті