Алматыда көлік сауда үйінің алдында ер адамды қағып өлтірді
Volkswagen Golf жүргізушісі ер адамды қағып, көлік тұрағында тұрған автокөлікке соғылды.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.
Жол апаты “Адем” сауда үйінің алдындағы көлік тұрағында болды.
Volkswagen Golf жүргізушісі 50-60 жастағы ер адамды қағып кеткен. Қатты соққыдан ер адам автокөліктен асып құлап, артта келе жатқан Toyota Land Cruieser Prado көлігінің астына түсіпті. Toyota көлігін мінген жас жігіт абдырап қалып, Volkswagen Golf көлігін артынан бір-ақ қағады, ал ол өз кезегінде көлік тұрағында тұрған Toyota Camry-ға соғылған. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Алматы полициясы жол апатының мән-жайын анықтамақ.
Оқи отырыңыз:
Алматыда 16 жастағы қыз полициядан қашамын деп жол апатына түсті
Атырауда сырахана қонағы күзетшіні атып кеткен
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар