Астанада қыздың басына лифтінің темір конструкциясы құлап кеткен
Астаналық тұрғынның басына лифтінің темір конструкциясы құлап түскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vse_novosti_kz Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 18 қарашада Астанадағы Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үйде болған. Лифтте қыздың үстіне темір конструкция құлап кеткен.
Куәгерлер төбені және лифтіні толық көрсетті. Онда жәбірленушінің қан ізі қалған.
Астана полициясы сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Бұған дейін бір ай бұрын Ақтауда ер адамның үстіне лифт құлап, оқиға орнында көз жұмған еді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"