Астанада ер адам әйелін тұрғын үй аумағында кішкентай баласының көзінше ұрып-соққан
Астанада ер адам әйелін тұрғын үй аумағында, арбадағы кішкентай баланың көз алдында ұрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға "Саржайлау" тұрғын үй кешені маңында болған. Оқиғаны сол маңда жүрген куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қазір осы оқиғаға байланысты отбасылық-тұрмыстық жанжал дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны ұстап, бөлімшеге жеткізді. Анықталғандай, елордадағы тұрғын үйлердің бірінің маңында 34 жастағы ер адам жұбайына күш қолданған.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған жәбірленушімен байланысуға шектеу қоятын қорғау нұсқамасы шығарылды", – деп хабарлады полиция.
- код для вставки с тг
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
