Алматыда жігіт аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз соққыға жықты (видео)

Бостандық ауданындағы аялдамада тұрған зейнеткердің жалғыз қалғанын күткен жігіт оған тұтқиылдан шабуыл жасап, соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желі қолданушысы 66 жастағы анасын жігіт ұрып-соғып кеткенін айтты.
"Ол артынан келіп, айналадағы адамдардың кеткенін күтіп, еш себепсіз анамды аяусыз соққыға жықты. Қазір анам ауруханада жатыр. Жағдайы өте ауыр. Бұл видеоны көру қиын. Бірақ оны көру керек. Мен мұны қаралым үшін жариялап отырған жоқпын. Бұл туралы мүмкіндігінше көп адам білгенін қалаймын", – деп жазды ол.
Полиция қыздың арызын қабылдап, тергеу жұмыстарын бастады.
Ал Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиға бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, зейнеткерді соққыға жыққан жігіт аз уақытта анықталып, ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция болған оқиғаны жан-жақты әрі объективті тергеуге бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізіп жатыр.
Kozachkov offside Telegram арнасының мәліметінше, қамауға алынған 25 жастағы Илья Терёнов бұған дейін, яғни 6 жыл бұрын, екі қылмыс бойынша ұсталған.
2020 жылы сәуірде Терёновтардың үйіне екі ер адам баса-көктеп кіріп, ақша қайтаруды талап еткен. Олар Ильяның анасын дәмханада жұмыс істеп жүріп 6 миллион теңге ұрлады деп айыптады. Алайда әйел мұны мойындаудан бас тартты.
Дәмхана иесі мен оның ағасы темір есікті сүйменмен бұзып кіріп, үй ішінде төбелескен. Сол кезде Илья өзін қорғамақ болып екеуіне пышақпен бірнеше соққы жасаған. Салдарынан бір адам қаза тауып, екіншісі ауыр жарақат алған.
Илья тез арада ұсталып, оған екі бап бойынша айып тағылды, оның бірі – кісі өлтіру. Бастапқыда ол 10-15 жылға дейін сотталып кетуі мүмкін еді. Алайда сот процесі барысында прокуратура айыптауды өзгерткен:
- Қылмыстық кодекстің 102-бабы бойынша (Қажет қорғаныс шегiнен шығу кезiнде жасалған адам өлтіру);
- Қылмыстық кодекстің 112-бабы бойынша (Қажет қорғаныс шегiнен шығу кезiнде денсаулыққа ауыр зиян келтiру) деп қайта сараланған.
Сот Терёнов өз үйін және отбасын қорғаған, бірақ қорғану шегінен асып кеткен деген қорытындыға келді. Сол себепті оған 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қарт әйелді соққыға жығу оқиғасы әзірге Қылмыстық кодекстің бірінші бөлігі бойынша бұзақылық ретінде сараланған, мұнда да ең жоғары жаза – 2 жыл.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Оқыңыз