Астанада ер адам 6-қабат терезесінен дәрет сындырған
Астанада ер адам тұрғын үйлердің бірінің 6-қабатының терезесінен дәрет сындырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл жәйт елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Желіде тараған видеодан қара киім киінген ер адамның терезе алдында тұрып дәрет сындырғанын көруге болады. Ал мұны тұрғындардың бірі видеоға түсіріп желіге таратқан.
Ал Астана қаласының полиция департаменті қазір ер адамның жеке басын анықтап жатқанын айтты.
“Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұзушының жеке басын анықтап жатыр. Ер адам анықталып, оқиғаның мән-жайы белгілі болған соң аталған оның әрекетіне құқықтық баға беріледі”, – деп жазылған жауапта.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда курьер баланың бесік арбасына дәрет сындырып кеткені туралы жазған едік.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген
