Астанада екі ер адам жаңбырдан қалған шалшықта шомылғаны үшін қамауға алынды
Астанада екі ер адам жаңбырдан қалған шалшықта шомылып, балаларға су шашқаны үшін қамауға алынды. Оқиға видеоға түсіп, әлеуметтік желіде тарағаннан кейін полиция ер адамдарды анықтап, сот оларды 25 және 7 тәулікке әкімшілік қамауға жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олар қоғамдық тәртіпті бұзған. Оқиғаны полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған.
Жарияланған видеода ер адамдардың алкоголь ішіп, шалшыққа түсіп шомылғаны, суды тепкілеп, жанында тұрған балаларға қарай шашқаны көрінеді.
Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп, оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Екеуі де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен олардың біріне 25 тәулік, екіншісіне 7 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Полиция қоғамдық орындарда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін және оның жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Ведомство қоғамдық тәртіпті бұзудың барлық фактісіне құқықтық баға берілетінін атап өтті.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған
