Астана тұрғындары отшашудың астында қалды: Полиция құқық бұзушыны ұстады
Әлеуметтік желіде елордалықтардың отшашудың астында қалғанын көрсететін видео тарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бұл факті бойынша тексеру жүргізіліп, оның барысында елдi мекенде белгiленбеген жерлерде пиротехникалық бұйымдарды пайдаланған тұлға анықталды", – деп хабарлады Астана полиция департаментi.
- 2024 жылы тұрғын үй бағасы төмендей ме – Cарапшы пікірі
- Қазақстанда 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап не өзгереді
Құқық бұзушыға қатысты 436-бап (Пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бапқа сәйкес пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде (шамамен 73 мың теңге) айыппұл салу қаралған.
"Жиналған материал Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қаралып, шешім қабылдау үшін жіберілді", – деп қосты полиция.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"
