AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Astana LRT ісі: Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтің орналасқан жері анықталды

Astana LRT экс-басшысы Талғат Ардан мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтің орналасқан жері анықталды, деп хабарлайды Atameken Business.

Телеарнаға хабарлағандай, Сұлтанбеков қазір АҚШ-та, оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ардан орналасқан елдің аты аталмады. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте атап көрсетілгендей, ол орналасқан мемлекеттің құқық қорғау органдары оны анықтау және қамауға алу шараларын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетейік, Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков интерполда жеңіл рельсті көлік құрылысы жобасын іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық пен жымқыру ісі бойынша іздеуде болған. Бұл іс бойынша тергеу өткен жылдың басында аяқталып, көп ұзамай сот басталды. Жеті айыпталушыға қатысты үкім осы жылдың мамыр айының соңында жарияланды.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев "Астана LRT", "СҚ-Фармация" мекемелерінде орын алған жемқорлық істерге қатысты түсініктеме берген еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр