Аша Матай: 10 қабатты үйім болса, туыстарымның бәрі сонда тұрса деп армандаймын
Аша Матай қиялына ерік беріп, ішкі армандарын айтты. Әнші қолында қомақты қаржы болса, қайда жұмсайтынын ашып айтты. Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтылды.
Әнші қолында 100 миллион доллар қаржысы болса, оны алдымен қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты. Алайда біреуге жасаған жақсылықты жария етпеген абзал дейді.
“Мен егер қолымда қомақты қаражатым болса, алдымен қайырымдылық жасар едім. Мұқтаж жандарға беретін едім. Бірақ жақсылықты жария етпейді дейді ғой. Арман екеуміз жасаған жақсылықтарымызды жария етпейміз. Оң қолың бергенді, сол қолың білмесін дейді. Содан кейін өз керек-жарағыма жұмсар едім. Ата-анама, балаларыма, тұрмысқа. Жолдасыммен демалып келер едім”, – деді әнші.
Қиялға ерік берген Аша 10 қабатты зәулім үйінің болғанын армандайды.
“10 қабатты үйім болса, ол жерде барлық туыстарыммен бірге тұрсақ деп қиялдаймын”, – деді ол.
Әнші армандай білу керек деп кеңес етті. Себебі арман мақсатқа жеткізеді.
Желідегі оқырман өз пікірін қосты.
“Дегеніңе жет”, “Жақсы идея”, “Қазір бірге тұру мүмкін емес”, “Мен ата-анамды Меккеге апарар едім”, “Қайырымдылыққа жұмсар едім деп айта береді бәрі”, “Мен өзіме жұмсар едім”, – деп жазды олар.