Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Даяшы, ыдыс жуушы, фотограф": Айдана Меденова танылғанға дейін кім болғанын айтты

Айдана Меденова студент кезінде түрлі жұмыс істеп көргенін айтты. Өнер жұлдызы танымал болғанға дейін, дәмханада ыдыс жуып, даяшы болып, тіпті фотограф болып үлгерген. Бүгінде Меденоваға қызыға да, қызғана да қарайтын жұрт оған барлығы "көктен берілген" деп ойлайды. Алайда Айдана шын мәнінде түрлі қиындықты бастан өткергенін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әнші 1-курста оқып жүрген кезіндегі суретін көрсетті.

"Архитектура мамандығы бойынша білім алып, қосымша фотограф, сосын даяшы, ыдыс жуушы болып жұмыс істеп жүрген кезім. Университетте кей студенттерге ақшаға сурет салып беретінмін. 
"Сенің жолың болған" дегенді естігенде қатты күлкім келеді. Менің отбасымның басынан өткен нәрсені ешкімге тілемеймін. Аллаға шүкір, ата-анамыз біздің бойымызда еңбексүйгіштік пен өр рух қалыптастырды", – деп бөлісті Меденова.

Айдана сол бір шақтарды еске алғанды ұнатпайды. Алайда көпшіліктің тарапынан жазылатын сыни пікірлер мен жағымсыз жазбалар бикешке ой салса керек, әнші өмірлік тәжірибесімен бөлісуді жөн көріпті. 

"Сол кезде өзім үшін шешім қабылдадым. Мен үшін ешкімнің ештеңе істемейтінін, тек өзіме ғана сенуге болатынын түсіндім. Ойымды, санамды өзгертпесем, өмірімде ештеңе өзгермейтінін түсіндім.

17 жасымда өз-өзіммен жұмыс істей бастадым. Бірінші сырт келбеттен бастадым. Өзіме ұнау үшін 10-12 келі салмақ тастадым. Гранттан айырылып қалмау үшін бар күшімді салып оқыдым. Мақсаттарымды нақты жазып, соған жетуге ұмтылдым. Әрекетсіз армандап отыра беру ешқандай нәтиже бермейді. Менің өмірлік ұстанымым, қалағаныңды қазір істе", – деп ағынан жарылды Меденова.

Бір кездері сұлулық салонын ашқан Меденова жақында оны сатып жібергенін мәлімдеді. Оның себебін былай деп түсіндірді: 

"Салон бизнесімен шамамен 5 жылдай айналыстым. Бірақ коллективтің ішіндегі интригалардан, администраторлардың "левый" ақша жасауына көз жұма қараудан шаршап кеттім. 

Мен ол жерде күнде отырсам, жұмыс істеуге болушы еді, бірақ менің басқа бизнестерім бар және салонға бару өзіме де қызық емес болып кетті", – деді ол.



Бұдан өзге, әнші неліктен неке жүзігін тақпайтынын түсіндірді.

"Жалпы сырға, білезік, сақина деген нәрселерді күнделікті аз тағамын, байқаған шығарсыздар... Білмеймін неге?! Міндетті түрде обручалка тағу керек деген "бзык" бізде болмағаны қандай жақсы. Әйтпесе мен жоғалтушы едім. 

Керісінше, неке жүзігіне сенбейміз, соны тақсаң, бір нәрсеге әсері тиетіндей. Маған бәрібір... Мен тек Аллаға сенемін", – деді Айдана.

Талқылау