AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
AAPL
146.55 $
1.18 %
TSLA
870.11 $
3.21 %
NDAQ
203.49 $
0.23 %
GOOGL
2855.56 $
1 %
FB
335.34 $
3.26 %
FRHC
64.23 $
1.47 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдана Меденова: Instagram мен TikTok-тан айына 5 миллион теңгеден аса табыс табамын

Бір кездері КешYou-дің "алтын құрамында" ән салған Айдана Меденова соңғы уақыттары өзге қырынан танылып жүр. Әзіл видеолар түсіріп тиктокер, вайнер атанған өнер иесі желі арқылы миллиондарға кенеліп отырғанын жасырмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Мен Инстаграм мен Tik Tok-тан айына 5 миллион теңгеден аса табыс табамын. Өздеріңіз байқағандай, бұл мен үшін табыс көзі. Міне, сондықтан мен осы бағытта өзімді әрдайым дамытуға тырысамын. Әрі ізденісте жүремін", – дейді Меденова. 

Иә, бұрын Айдананы көгілдір экраннан жиі көріп, оның әндері мен бейнебаяндарын асыға күтетін фанаттар енді оны Instagram мен Tik Tok-тан іздейді. Алайда бикеш шығармашылықты да ұмытқан емес. Жақында Айдана әлемдік хит әндерге кавер түсіріп, YouTube арнасына жүктей бастады.

Меденова өнерпаздар отбасынан шыққанын үнемі айтады. Ол 5 жасынан бастап ата-анасы, аға-әпкесімен бірге тойларға шығып, алғашқы нәпақасын тапқан. 



"Вокал сабақтарына үнемі барып тұратынмын. Бірақ әншінің оқуына түспедім, себебі үйдегілер "дұрыс маман" болғанымды қалады. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді ғой", – деп бөлісті Айдана жуырда өз парақшасында.

Бұдан өзге, сұлулығымен талай жігіттің жүрегін жаралаған Меденова күйеуі екеуі арасында қызғанышқа орын жоқтығын кесіп айтты. 

"Қызғаныш сенімсіздіктен немесе комплекстерден пайда болады. Ал біз бір-бірімізге сенеміз және комплексіміз жоқ дегім келеді. Бірақ кейде болып тұрады", – деп күлді ол.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр