Әсел Сәдуақасованың мәһрге не сұрағаны белгілі болды
Танымал актриса, продюсер Әсел Сәдуақасованың күйеуі Мағжан Тілеуханов үйленуге қатысты бірнеше сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандық блогер Бейбіт Әлібековтің: “Үйленген қалай екен?” деген сауалына Мағжан: “Керемет. Бүгін бірінші күн, сондықтан әзірге түсініксіз сезім, дегенмен ұнап жатыр. Неке жүзігімді тағып жүрмін”, – деп жауап берді.
Сондай-ақ ол келіншегінің мәһрге не сұрағанын айтты.
“2023 жылғы су жаңа Gelandewagen көлігін сұрады”, – дейді кәсіпкер. Бейбіт Әлібеков әйеліне қымбат темір тұлпар алып беруге уәде берген Мағжанға сәттілік тіледі.
Бұған дейін Әсел Сәдуақасованың өзінен он жас кіші жігітке тұрмысқа шыққаны туралы жазған болатынбыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады