Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші сүйіктісімен некесін қиды
Отандық актриса Әсел Сәдуақасова сүйіктісі Мағжанмен мұсылманша неке қидырды. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/asselsadvakassova
“Міне, осылай. 13.06.2023 - отбасы құрған күніміз”, – деп жазды Әсел Сәдуақасова.
Өнер иесі мен блогер Мағжан Тілеухан АХАЖ бөлімінде заңды түрде және мұсылманша неке қидырды. Жас жұбайлар бақыттан бал-бұл жайнап неке жүзіктерімен алмасты.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыларға бақыт тілеп, ақжарма тілектерін арнады.
“Бақытты болыңдар, “Құттықтаймын! Алла бір жастықта немере шөбере арасында қартаю жазсын”, “Бақыттарың баянды болсын,Әсел қыз”, “Сіздер үшін қуаныштымын”, “Ақ орамал әдемі жарасып тұр”, – деп жарыса жазды желідегілер.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады