Артық салмақтан арылған отандық жұлдыздар кімдер? (фото)
Сахнада жүрген өнер жұлдыздары сыртқы келбеттеріне көп көңіл бөледі. Олар ел алдында жүрген соң, мінсіз болуым керек деп санайды. Сахналық имиджері шоу-бизнес өкілдері үшін маңызды дүние болғандықтан, әртістер артық салмақтан арылудың неше түрлі тәсілдерін меңгеріп алған.
Stan.kz назарларыңызға аз уақыттың ішінде артық салмақтан арыла білген жұлдыздар тізімін ұсынады.
Өткен жылдың соңында тұңғышын дүниеге әкелген Аша Матай небәрі үш айдың ішінде 27 келі салмақ тастаған. Ол үшін Аша арнайы диета ұстап немесе жаттығу залына бармаған. Тележүргізуші бар болғаны көтеріңкі көңіл-күй арықтауына себеп болғанын айтады.
«Қызымды көтеріп жүріп, қимылсыз отырмайтынмын. Үйде жаттығулар жасадым. Кесар тілігімен туғандықтан, жарты жыл жаттығу залына бара алмаймын, сүтім азайып кетпес үшін диета да ұстамаймын», – деген болатын Аша бір сұхбатында.
Сол сияқты біраз уақыт ел назарынан тасада болған Жеңіс Ысқақова да екі айда 21 келі салмақ тастаған. Ол үшін әнші арнайы диета ұстаған.
30 келіден аса салмақтан арылған танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да арықтауының сырымен бөліскен еді. Ол ел ойлағандай арнайы дәрілер ішпеген. Бар болғаны дұрыс тамақтану режімін ұстанып, спортпен шұғылданған.
Зарина Омарова сахнаға қайта оралу үшін 25 келі салмақтан арылғанын айтады.
Тез толуға бейім өнер иелерінің бірі – Алтынай Жорабаева. Әнші, әсіресе, бала туғаннан кейін артық салмақ қосып алатын көрінеді. Жорабаева, салмағына еш әсері болмаса, жылда дүниеге сәби әкелуге дайын екенін де қалжыңдап айтқан еді. Ол балалы болғаннан кейін 30 келіден аса салмақтан арылған.
Сахнаға алғаш шыққанда Мақпал Исабекова томпақ қыз еді. Әншінің бүгінгі сырт келбеті түбегейлі өзгерген. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін Мақпал бірнеше жылдан бері спортпен үзбей шұғылданып келеді.
Мәдина Сәдуақасова да семіздіктен арылып, сымбатын тез қалпына келтіріп алғандардың қатарында. Жуырда желіде Мәдинаның томпақ кездегі суреті пайда болды.
Артық салмақтың азабын қыздар ғана емес, жігіттер де тартып жүр. Мәселен, Алмас Кішкенбаев толып кеткендіктен, жарты жыл бойы сахнаға шыққан жоқ.
Жіберіп алмаңыз:
Танымал арулардың көздің жауын алатын қазақы нақыштағы көйлектері (фото)
Қарақат: Өмірдегі ең бақытты сәтім – жарымның бақытты жүзін көру (видео)
Әбдірайымов әртістерді ақша жинап, Жаманқұловқа көмектесуге шақырды
Дана Нұржігіт: Димаштың өнерінен кейін көптеген әртістер ойланып қалды